Президенттің Дихан Қамзабекұлына берген сұхбаты ертең Egemen Qazaqstan газетінде жарық көреді

Президент
Фото: Ақорда

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

«Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, „Қазақ газеттері“ ЖШС Бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты „Egemen Qazaqstan“ газетінде жарияланады», — делінген Берік Уәлидің желідегі жазбасында.

Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады.

Сондай-ақ Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады.

Соңғы жаңалықтар