17:02, 04 Сәуір 2025 | GMT +5
Президенттің Өзбекстанға жұмыс сапары аяқталды
САМАРҚАНД. KAZINFORM – Қазақстан Президентінің «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті аясында жоспарланған іс-шаралары аяқталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Самарқанд әуежайынан Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов шығарып салды.

Бұрын хабарлағанымыздай, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барған болатын.
Оның барысында Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес президенті Антониу Кошта, Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен екіжақты кездесулер өткізді.
Бүгін Өзбекстанның Самарқанд қаласында «Орталық Азия — Еуропа Одағы» форматындағы алғашқы саммиті өтті.