Президенттің Үкіметті неліктен таратқанын 7 ақпанда біле аламыз – Андрей Чеботарев
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық саясаттанушы Андрей Чеботарев Үкіметтің отставкаға кетуін бүгінгі күтпеген оқиға деп атады. Саясаттанушының пікірінше, Президенттің осындай шешім қабылдауының негізгі себептері 7 ақпан, сәрсенбі күні өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылады.

«Президенттің осындай шешім қабылдауының негізгі себептері Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылады. Президент отставкаға кеткен Үкіметтің қызметіндегі проблемалар мен кемшіліктерге емес, оның жаңа құрамына жүктелетін нақты міндеттерге баса назар аударуы мүмкін», - деп атап өтті саясаттанушы Андрей Чеботарев.
Сондай-ақ, сарапшы 7 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін, оның барысында елдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылатынын және алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттердің белгіленетінін еске салды.
А. Чеботаревтің пікірінше, Үкімет пен жекелеген министрліктердің, сондай-ақ өзге де орталық мемлекеттік органдар мен өңірлік әкімдердің жұмысындағы белгілі бір проблемалар мен кемшіліктерге баса назар аударылады.
Соның ішінде бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларына қатысты болуы мүмкін, яғни олар толығымен орындалмаған немесе тиісті деңгейде орындалмаған.
Сондай-ақ, саясаттанушының айтуынша, Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдында ауқымды жұмыс тұр.
Ал Мемлекет басшысының алдағы кеңейтілген отырыста сөйлеген сөзімен жұмыс еселене түседі.