Приморье өлкесінің тұрғыны үй ауласындағы тоңазытқышқа өлі жолбарысты салып қойған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Приморье өлкесінің прокуратурасы Қызыл кітапқа енгізілген жануар бөліктерін сату фактісі бойынша істің қозғалуын заңды деп таныды, деп хабарлады ведомствоның баспассөз қызметінен.
Полицейлер Надеждинский ауданы тұрғынының үй ауласында рефрижераторлық қондырғының ішіне салынған амур жолбарысының тұтас етін тапты. Сарапшылардың мәліметтерінше, шөнжік өлген кезде оның жасы шамамен үш айдан бес айға дейін болған.
Табиғатқа келтірілген зиян 1,6 млн. рубльге бағаланып отыр, деп жазады rosbalt.ru.