Приморьеде акула адамға шабуылдауда

АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Приморьеде бір апта ішінде акуланың адамға шабуылдағаны жөнінде екінші жағдай тіркелді, деп хабарлайды Newsru.com.

Приморьеде акула адамға шабуылдауда

Акула шабуылдаған алғашқы оқиға күні кеше тіркелді. Теңіз хайуанының аузына алдымен 25 жасар жігіт түскен. Акула оның екі қолын иығына дейін жеп қойыпты.

Екінші зардап шеккен жігіт - 16 жасар Илья. Жыртқыш оған Желтухин аралы маңында бас салған. Оның аяғы ауыр жарақаттаныпты, деп жазады Life News.

Ғалымдардың пайымдауынша, екі шабуылды да бір акула жасаған. Қазіргі уақытта мамандар Ресей жағалауларында акуланың қайдан пайда болып, Приморье жағажайына қалай жеткендігіне болжау жасап әлек. Алдын ала болжамдар бойынша екі адамға да үлкен ақ акула шабуылдаған.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жағаға жақындаған акуланың ұзындығы 4 метр, бөшкеге ұқсас денесі мен жүзбеқанаты өте ірі болған. Биологтардың айтуынша, Приморьеде ақ акулалар бұған дейін де мекендеген, алайда олардың адамға шабуылдау мінезі алғашқы рет тіркеліп отыр.