Принстің $300 млн көлеміндегі мұрасы оның әпкесіне қалуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық музыкант Принс Роджерс Нельсонның $300 миллонға бағаланған мұрасы, соның ішінде мұрағаты мен басылмаған жазбалары оның жалғыз әпкесі Тайке Нельсонға берілуі мүмкін.

Принстің $300 млн көлеміндегі мұрасы оның әпкесіне қалуы мүмкін

Бұл туралы TMZ интернет-басылымы хабарлады.

Басылым атап өткендей, 21 сәуірде 58 жасында көз жұмған музыкант өз активтерін дұрыс басқармаған. Сондықтан туыстары "мұраны бөлшектеп жинауға" мәжбүр.

Әнші Нельсон тұрған Миннесота штатының заңдарына сәйкес, егер қайтыс болған азамат өсиетхат қалдырмаған жағдайда оның мұрасы жақын туысына өтеді.