Принтерден бірнеше мың теңге басып шығарған әйел ұсталды

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - . Жезқазған қаласында Айсұлу Қариева есімді келіншек түрлі-түсті принтерде теңге басып шығарған,
None
None

деп хабарлайды baq.kz Қарағанды облысы қаржы полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оны қолға түсіру кезінде қалтасынан 43 мың теңге көлемінде жалған ақша табылды, сондай-ақ, "EPSON" Stylus TX117" түрлі-түсті принтері табылған. Ол 10 000 теңге, 5 000 теңге, 2 000 теңге, 1 000 теңге және 500 теңгеліктер шығаратын болған», дейді қаржы полициясы.

36 жастағы Айсұлу Қариева 10 мың теңгелік жалған банкнотты косметикалық фирмалардың біріне өткізетін тұста қолға түскен. Ол тырнақ бояйтын бояуларды жақсы пайдаланады екен. Косметикалық фирмаға баруының да себебі сол болса керек.

Соңғы жаңалықтар