Приозерск қаласында 24 отбасы баспаналы болды
ПРИОЗЕРСК. ҚазАқпарат – Приозерск қаласының жиырма төрт тұрғыны қаланың 65 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай пәтер кілттеріне ие болды.
Қала тұрғындары «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспанамен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа қонысқа көшкендердің арасында көпбалалы отбасылар, жалғыз баспанасы апатты деп танылған тұрғындар, толық емес отбасылар және бюджеттік сала қызметкерлері бар.
Приозерск тұрғындары Достық көшесіндегі №1 24 пәтерлі үйден тұрғын үй алды.
«Сіздерді өміріңіздегі тамаша оқиға - жеке тұрғын үй алуларыңызбен құттықтаймын. Пәтерлеріңіз шаттықа толы болсын және балалардың күлкісі естілсін! Байлық, қуаныш пен амандық тілейміз!» - деп Приозёрск қаласының әкімі Қайрат Қамзин қоныс иелерін құттықтады.