Приозерск қаласында 45 отбасы жаңа пәтер кілтін алды

ПРИОЗЕРСК. ҚазАқпарат – Приозерск қаласында 45 отбасы пәтер алды. Кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынды. Кілттерді қала әкімі Сапар Сатаев табыстап, қоныс тойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Приозерск қаласында 45 отбасы жаңа пәтер кілтін алды

«Әр отбасына бақыт пен амандық тілеймін. Бұл бәріміз үшін өте қуанышты оқиға», – деді Сапар Сатаев.

Тұрғын үй иелерінің арасында толық емес, көпбалалы отбасылар, жетім балалар және азаматтардың басқа да әлеуметтік осал санаттары бар.

Ерлі-зайыпты Гүлім Жолдасбаева мен Ерлан Сүлейменов бұл күнді үш жылдай күткен. 14 жыл ішінде олар тұрғын үйді жалға алып, отбасы табысының көп бөлігін жалға беріп отырдық дейді.

«Біз 2008 жылы үйлендік, содан бері баспана жалдап келдік. Біздің бес баламыз бар, үлкені 14-те, ал кішісі 2 жаста. Баспананы жалға алып тұру оңай емес, өйткені иелері кез-келген уақытта пәтерден шығара салады. Ал балалармен қолайлы пәтер табу қиын. Жұбайым 2019 жылы тұрғын үйге кезекке тұрды. Ол кезде біздің алдымызда жүзден астам адам болған. Содан кейін үкіметтің бастамасымен көпбалалы отбасыларға жеке кезек құрылды, біз бірден 38-ші орынға жылжыдық. Енді міне бірнеше күн бұрын үш бөлмелі пәтердің кілттерін алдық», – дейді Ерлан Сүлейменов.