Пришахтинск тұрғынын қағып кеткен көлік жүргізушісі қамауға алынды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Пришахтинск қаласында жаяу жүргіншілер жолағында жолаушыны жеңіл көлік қағып кетті. Ауыр жарақат алған әйел адам жедел жәрдем келген бетте жан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пришахтинск тұрғынын қағып кеткен көлік жүргізушісі қамауға алынды

Аталған жол апатына қатысты ІІД ақпарат берді. Мерседес көлігінің 34 жастағы жүргізушісі Методическая көшесінде 7-ші магистарльға қарай бағыт алып келе жатқанда, жаяу жүргіншілер жолағында әйелді қағып кеткен. 25 жастағы қала тұрғыны көз жұмды.

«Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Көлік жүргізушісі уақытша қамау изоляторына жеткізілді», - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметкері Бақытжан Құдияров.


Арайлым Сатыбалдықызы



Фото: darakchi.uz