«PRO» лицензиясын алған 11 қазақстандық футбол жаттықтырушысының есімі белгілі болды

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - «PRO» лицензиясын алған 11 қазақстандық футбол жаттықтырушысының есімі белгілі болды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.
None
None

Федерацияның атап өтуінше, олар өздерінің жаттықтырушылық біліктеріне сәйкес тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Еуропаның да кез-келген кәсіби клубына бас жаттықтырушы бола алады.

Сонымен қатар жаттықтырушылық лицензияны Талғат Байсуфинов, Қайрат Айманов, Нүркен Мазбаев, Григорий Бабаян, Владимир Никитенко, Сергей Когай, Владимир Чебурин, Вячеслав Ледовских, Сергей Волгин, Виктор Семенов және Павел Родненок ие болды.

«Жоғарыда аталған мамандардың басым бөлігі өз командаларымен жақсы жұмыс істеуде. УЕФА лицензия беру жөніндегі Қазақстан футбол федерациясының техникалық орталығының қызметін жоғары бағалады. Мамандар футбол теориясы мен практикасын ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы маманға қажетті психологияны, социологияны, қоғаммен байланысты жетік меңгерген», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар