Pro team Astana командасының шабандозы Австрия турында жеңіске жетті

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Pro team Astana велокомандасының шабандозы Фредрик Кессякофф кәсіпқойлар арасындағы тас жолдағы жарыста өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Pro team Astana командасының  шабандозы     Австрия турында   жеңіске жетті

Ол Австрия турының 2-ші кезеңінде жеңіске жетіп, жарыс көшбасшысының жейдесін киді, деп хабарлады команданың ресми сайтынан.

Қазақстандық велошабандоз Андрей Мизуров командаласы Кесякоффқа 3 минут 39 секунд есе жіберіп, сөре сызығын 13-ші болып кесті.