«Proboxing-fans.com» Геннадий Головкинді «2015 жылдың боксшысы» атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Proboxing-fans.com» Геннадий Головкинді «2015 жылдың боксшысы» атады, деп хабарлады vesti.kz.

«Proboxing-fans.com» Геннадий Головкинді «2015 жылдың боксшысы» атады

Басылым «Головкин қарсыластарының деңгейін, жекпе-жек жиілігі мен әрбіріндегі ерекше көзге түскен сәттерді атап өткен.

«WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) Proboxing-fans.com нұсқасы бойынша «2015 жылдың боксшысы» атанды».

Биыл Головкин жеңістер санын 34-ке жеткізді, олардың 31-ін нокаутпен аяқтаған. Мартин Мюррей (11 раунд), кіші Вилли Монро (6 раунд) және Давид Лемьені (8 раунд) нокаутқа жіберді.

Дегенмен, «Proboxing-fans.com» «pound for pound» (салмақ дәрежесіне қарамастан) рейтингінде Головкинді үшінші орынға қойды. Сондай-ақ, басылым қазақстандықтың жекпе-жектерін міндетті түрде қарауға кеңес береді, өткені онда «Big Drama Show-дың» болатынына кепілдік берді.

Бұл атаққа ие болуға үмітті боксшылардың қатарында Роман Гонсалес, Сауль «Канело» Альварес пен Тайсон Фьюри болды. Алайда, «Головкин қарсыластарының деңгейі, жекпе-жек жиілігі мен әрбіріндегі ерекше көзге түскен сәттері оның «2015 жылдың боксшысы» атануына жол ашты.