Профессор Д.Фельдберг Қазақстан медицинасының жоғары марапатына ие болды

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Репродуктивті медицина жөніндегі дүниежүзі қауымдастығының вице-президенті,

Профессор Д.Фельдберг Қазақстан медицинасының жоғары марапатына ие болды

профессор Дов Фельдберг Қазақстанның денсаулық сақтау саласының жоғары наградасы - «Алтын дәрігер» төсбелгісімен марапатталды.

Төсбелгіні ғалымға бүгін Астанада басталған «Бедеулікті анықтау мен емдеудегі өзекті мәселелер. Қосалқы репродуктивті технологиялар» тақырыбындағы V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Ұлттық медицина қауымдастығының президенті Айжан Садықова табыс етті. «Профессор Дов Фельдберг Қазақстанның денсаулық сақтау саласының дамуына да өз үлесін қосып келеді. Осы тақырыпта өтетін конференцияларға үнемі қатысып, қазақстандық мамандармен өзара тәжірибе бөлісіп отырады», - дейді А.Садықова.