"Прогресс М-02М" жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансысымен түйісті

None
None
МӘСКЕУ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат – "Прогресс М-02М" жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансысымен түйісті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Жүк кемесі стансыға 2,5 тоннадан астам түрлі жүк, оның ішінде отын, оттегі, азық-түлік, ғылыми аппаратура, ашық ғарышта жұмыс істеуге арналған «Орлан-МК» скафандрлары, стансының ресейлік және американдық сегменттеріне қосымша жадбықтар, экипаж мүшелеріне арналған сәлем-сауқаттар жеткізіп отыр. Ұшу сапарларын басқару орталығының баспасөз қызметінен хабарлағандай, түйісу амалы автоматтық режимде орталықтың және стансыдағы экипаждың бақылауымен жасалды. Қазіргі уақытта стансыда ресейлік ғарышкер Геннадий Падалка, американдық астронавт Майкл Барратт және жапондық ғарышкер Коити Ваката бар. Жүк кемесі «Байқоңырдан» мамырдың 7-сінде ұшырылған болатын.
Соңғы жаңалықтар
telegram