«Прогресс М-09М» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасымен түйісті
АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Жұма күні Байқоңырдан ұшырылған «Прогресс М-09М» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасымен автоматты режимде түйісті, деп хабарлайды Утро.ру сайты.
Кезекті «Прогресс» кемесі стансаға жабдықтар, азық-түліктер, экипаждың қазіргі командирі, астронавт Скотт Келлидің туған күніне арналған сыйлықтар жеткізді. С.Келли 21 ақпанда орбитада өзінің 47 жылдығын атап өтеді.