08:29, 26 Сәуір 2011 | GMT +5
"Прогресс М-09М" кемесі Тынық мұхитқа батырылады
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - 22 сәуірде Халықаралық ғарыш стансасынан ажыраған "Прогресс М-09М" жүк кемесінің автономдық сапары аяқталуға жақын.
Жүк кемесі сейсенбі, 26 сәуір күні Тынық мұхиттың суына батырылады. Бұл туралы Ұшу сапарларын басқару орталығына сілтеме жасап «РИА «Новости» агенттігі хабарлады.
Кеменің қозғалтқыштары Мәскеу уақыты бойынша 16.35-те сөндіріледі де, «Прогрестің» атмосфераның тығыз қабатында жанып бітпеген фрагменттері 17.23-те Тынық мұхитындағы «ғарыш кемелерінің көмбесіне» жерленеді.