«Прогресс М-26М» «ғарыш кемелерінің қорымына» тасталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ғарыш стансасының құрамында тиісті уақыт жұмыс істеген «Прогресс М-26М» кемесі стансадан ажыратылып, орбитадан шығарылып, Тынық мұхитының кеме жүрмейтін ауданында суға батырылады, деп хабарлады ресейлік Ұшуларды басқару орталығының өкілі.
None
None

«Қызметін өтеген жабдықтар және экипаждың өмір тіршілігінің қалдықтары тиелген кеме ХҒС-дан жергілікті уақыт бойынша сағат 13:18-де ажыратылады. Сағат 16:28-де қозғалтқыштары тежеліп, одан кейін «Прогресс» Жер атмосферасының тығыз қабаттарына кіреді. Ғарыш кемесінің өртелмеген бөліктерін Тынық мұхитындағы кеме жүрмейтін аудандағы суға түсіру сағат 17:17-де жүргізіледі», - деп хабарлады РИА Новости агенттігіне ҰБО-нан.

Байқоңырдан 17 ақпан күні ұшырылған «Прогресс М-26М» жүк кемесі бұған дейін ХҒС экипажына отын, оттегі, азық-түлік, ғылыми тәжірибелерге арналған аппаратура және ғарышкерлер мен астронавттар үшін сәлем-сауқаттар жеткізген.

Соңғы жаңалықтар