«Прогресс -М» жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасымен түйісті

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Жұма күні Байқоңырдан ұшырылған «Прогрес М-07М» жүк кемесі автоматтық режимде Халықаралық ғарыш стансасына түйісті. Түйісу процесі НАСА сайтында трансляцияланды, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
None
None

«Прогресс М-07М» жаңа жүк кемесі орбитаға жалпы салмағы 2 тонна 515 келі жүк жеткізді. Оның ішінде 2010 жылғы бүкілресейлік халық санағына арналған санақ парақтарының бланктері, сондай-ақ сол парақтарды толтыру нұсқаулықтары бар. Осынау маңызды іске алғашқылардың бірі болып ресейлік ғарышкерлер атсалысқалы отыр.

Соңғы жаңалықтар