«Прогресс МС-04» сынықтары құлаған видео пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube желісінде болжам бойынша, «Прогресс МС-04» ғарыштық жүк кемесінің атмосферада жанған сынықтары түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат TJ сайтына сілтеме жасап.

  «Прогресс МС-04» сынықтары құлаған видео пайда болды

Алдын ала болжам бойынша, Байқоңырдан ұшырылған кеменің апатқа ұшырауының себебі үшінші сатыдағы РД-0110 қозғалтқышының жану камерасының уақытынан бұрын ашылуы болуы мүмкін.

Роскосмос апат туралы ақпаратты растады және оның бөлшектерінің дені атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кеткенін атап өтті. Ресей жаңалықтары агенттігінің хабарлауынша, әуедегі жалын үш аймақта - Тыва, Хакасия және Краснояр өлкесінде байқалды. 

Апатқа ұшыраған «Прогресс» кемесі Халықаралық ғарыш стансысындағы экипажға тіршілікке қажетті заттарды жеткізуі тиіс болған.