Прокуратура А.Гитлердің суретін басқан баспадан заңға қайшы әрекет тапқан жоқ - Ресей

АСТАНА. ҚазАқпарат - Смоленск қаласы Промышленный ауданы прокуратурасы мектеп оқушыларының күнделігіне Адольф Гитлердің суретін басқан «Смоленск полиграфия комбинатының» әрекетінен заңға қайшылық тапқан жоқ, деп хабарлады ВВС.

Прокуратура А.Гитлердің суретін басқан баспадан заңға қайшы әрекет тапқан жоқ - Ресей

Өткен аптада Екатеринбург БАҚ-тары әлемдегі танымал адамдар қатарында А.Гитлердің суреті мектеп оқушыларының күнделігіне басылғаны ата-аналардың ашуын туғызды деп, ақпарат таратқан болатын. Прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған қатысты РФ «Экстремистік әрекетке қарсы» федералды заң талаптарына қайшы келмегендігі тексерілді. Ал, баспаның PR қызметі Гитлер онда әлем тарихындағы жағымсыз кейіпкер ретінде таныстырылғанын мәлімдеген болатын.

Прокуратураның қорытындысы бойынша, күнделікте пиджак киген адам бейнеленген. Суретте фашистік атрибутиканы насихаттайтындай ешқандай белгілер жоқ.