Прокуратура аққуларды ату оқиғасын өз бақылауына алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Приморье өлкесінің прокуратурасы Абрек шығанағында сирек кездесетін аққулар мен көкқұтанды ату фактісі бойынша тексеруді өз бақылауына алды.
PrimaMedia хабарлауынша, өткен сенбіде таңертең белгісіз біреулер Фокинодағы Абрек шығанағында тіршілік ететін қызыл кітапқа енгізілген аққулар мен көкқұтандарды ермек үшін атқан.
Көктемгі аң аулау маусымы Приморьеде 22 наурызда басталды, алайда сирек кездесетін құстарды атуға тыйым салынған, деп хабарлайды Росбалт.