Прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды Қытайдан қайтару туралы: Жақында оң шешім болып қалады

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару келіссөздері жалғасып жатқанын айтты.

СІМ Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы мәлімет берді
Фото: Kazinform

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілер: «Әлеуметтік желіде Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға оралды деген ақпарат жарияланды. Бұл қаншалықты рас?» — деп сұраған еді.

Өз кезегінде Ғалымжан Қойгелдиев қазір ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратура Қазақстан азаматын Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерін салып жатқанын айтты.

«Бұл жұмыс тоқтамады, яғни белсенді түрде атқарылып жатыр. Жақын арады бұл жағдай бойынша оң шешім болып қалады деп сенемін. Атап айтқанда, бұл бағытта жұмыстар оңай емес», — деді Бас прокурордың орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбай жазасын Қазақстанда өтеуге қатысты арызын жолдаған.

Айта кету керек, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. 

Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылып, Ақжарқын бұл туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Соңғы жаңалықтар