Прокуратура апта ішінде азаматтардың 243 млн. теңгесін қайтарып алуларына ықпал етіп етті

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ақпанның 9-ы мен 17-сі аралығында прокуратура еліміздегі жалақыларын ала алмай жүрген азаматтардың 243 миллион теңгесін қайтарып алуларына ықпал етіп, 3 мыңнан астам азаматтың құқын қорғады.
None
None
Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов журналистермен болған апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, облыс прокурорлары апта ішінде құны 237,5 миллион теңгенің айлық жалақысын беру жөнінде мекемелер мен кәсіпорындарға 12 ескерту жасаған. «Бұған қоса 2 қылмыстық іс қозғалды. Олардың бірі Алматы қаласында «Қуат Транссервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Тау К» компаниясына қатысты болып отыр. Сонымен қатар бірқатар ұжымдарға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Яғни, біз кінәлі азаматтардың барлығын заң алдында жауап беруге мәжбүрлеп отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді. Біз олардың барысымен сіздерді міндетті түрде хабардар етіп отыратын боламыз», - деді ресми өкіл.
Соңғы жаңалықтар