Прокуратура ардақты ананың мүддесін қорғады

ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Құсмұрын кентінде тұратын 76 жастағы ардақты ана қадағалау органының араласуымен пәтер алды,

Прокуратура ардақты ананың мүддесін қорғады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 13 бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана Балапан Құлпейісова аудан әкімдігінің қаулысымен тұрғын үйге ие болды. Алайда Әулиекөл аудандық прокурорының хабарлауынша, тұрғын үй тұруға жарамсыз болып шықты. Заң бойынша мұндай пәтер болашақ тұрғынның жазбаша келісімімен ғана ұсынылуы тиіс. Б.Құлпейісова мұндай келісім берген жоқ. Прокурордың аудан әкімдігіне наразылығымен бірқатар лауазымды адамдар тәртіптік жазаға тартылды. Ал көп балалы анаға тұрғын үй заңнамасының талаптарына сай келетін басқа үй берілді.
Францияда 770 мың студенттің жеке деректері жария болды
Ұқсас жаңалықтар

Павлодарда 2 мыңнан астам білім беру қызметкерінің деректері тарап кеткен