Прокуратура ауыл мұғалімдерінің 68 млн. теңге әлеуметтік көмек алуына ықпал етті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Ауылдық мектептерде бір жылдан астам жұмыс істеген мүғалімдер өздерінің құқықтарын білмегендіктен, көтерме жәрдемақыны, сондай-ақ үй салуға немесе оны сатып алуға берілетін мемлекеттік әлеуметтік көмекті ала алмаған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлады.

Прокуратура ауыл мұғалімдерінің 68 млн. теңге әлеуметтік көмек алуына ықпал етті

Осы орайда, үстіміздегі жылдың наурыз айында прокуратураның бастамасымен барлық ауыл мектептерінің мұғалімдерімен кездесу өткізіліп, олардың құқықтары және тиісті көмек алу үшін қандай құжаттар қажеттігі туралы түсіндірілді.

Қызылорда облысының прокуроры М.Досмағанбетов, кездесу нәтижесімен уәкілетті органға 56 мұғалім өздерінің ұсынымдарын бергенін атап өтті.

Қалалық әкімдіктің 17.04.2017ж. қаулысымен 31 мұғалімге бюджеттен барлығы 67,8 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек бөлінді.