Прокуратура Батыс Қазақстанда киіктердің қырылуына қатысты қосымша тексеру -сараптау жұмыстарын белгіледі

АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Батыс Қазақстан облысында киіктердің жаппай қырылуы жағдайы әлі тексерілуде. Киіктердің өлуінің басты себебі бұрынғысынша жұқпалы пастереллез ауруы болып отыр.

Прокуратура Батыс Қазақстанда киіктердің қырылуына қатысты қосымша тексеру -сараптау жұмыстарын белгіледі

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, киіктердің қырылуына себеп болып отырған фактілердің нақтылыған анықтау мақсатында тағы да бірқатар сараптау шаралары белгіленді. Әзірге оның қорытындылары белгісіз. Сондай-ақ әзірге жер қыртысы мен өсімдіктерге жүргізілген токсикологиялық талдау жұмыстары да жалғасуда. «Прокуратура тағы қосымша мал шаруашылығы мен өсімідік шаруашылығы саласындағы карантиндік шаралардың қаншалықты заңды жүргізілгендігін тексеруде. Бұған қоса прокуратура тергеу органдарына киіктердің өлімі орын алардың алдында аймақта болған күмәнді тұманның себеп-салдарын анықтауды тапсырды. Сондай-ақ қазір осы аймаққа жақын әскери полигонда қандай сынақ шаралары жүргізілгендігі анықталуда», деді ресми өкіл.