Прокуратура экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүргізіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстан тұрғындарына Интернет арқылы діни экстремизм мен терроризм идеяларының негізінен шетелден насихатталуы жиірек кездеседі. Террористік ұйымдар күнделікті Интернет желісі арқылы өз қатарларына жаңа жақтастарды тартумен айналысады. Түбінде террористік ұйымдардың іс-қимылдары жалпы әлемдегі тұрақтылықты бұзуға бағытталған, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Прокуратура экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүргізіп жатыр

Онымен күресу үшін еліміздің мемлекеттік органдары террорлық қауіпінен қоғамның тыныштығын қамтамасыз ету шаралар жүйесін пысықтады.

Бұдан басқа, радикалды идеологияның интернет-кеңістігінде таралуына қарсы іс-қимыл - террорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды және мағыналы мәселелерінің бірі.

Өйткені, оның міндетіне құқыққа қайшы мазмұнның таралуын кесу ғана емес, сондай-ақ, интернетті қолданушыларда радикалды идеялардың қалыптасуына жол бермеу.

Прокуратура органдары басқа мемлекеттік органдармен бірге заңсыз материалдардың таралуына жол бермеу мақсатында экстремизм мен терроизмді насихаттайтын, сондай-ақ, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды және жарылғыш заттарды дайындау бойынша материалдарды тарататын интернет-ресурстарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде.

Осы жұмыс аясында жүз мыңнан астам интернет-ресурстың мониторингі жүзеге асырылды.

Экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттаудың, сондай-ақ, жарылғыш құрылғыларды қолдан жасау тәсілдері туралы ақпаратты таратудың анықталған фактілері бойынша талап-арыз жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, сотқа дейінгі реттеу шаралары қабылданды.

Соңғы бес жылда еліміздің соттары бір мыңнан астам интернет-ресурстардың өнімдерін заңсыз деп тану туралы прокурорлардың және уәкілетті органның арыздарын қанағаттандырып, олардың Қазақстан аумағында таратылуын тоқтатты.

Сотқа дейінгі тәртіпте интернет-ресурстардың иелерімен жүргізілген жұмыс нәтижесінде екі жүзден астам материал жойылды.