Прокуратура қоғамның барлық салаларында Конституция мен заңдардың үстемдік орнатуында пәрменді құралға айналды - А.Дауылбаев

Тұңғыш Президенттің қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырудағы көрнекті рөліне тоқтала отырып, Бас прокурор Асхат Дауылбаев тәуелсіз Қазақстанның барлық тарихы оның негізін қалаушы және көшбасшысы - Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тығыз байланысты екенін атап көрсетті. Барлық жетістіктер мен табыстар бірінші кезекте оның саяси еркінің, терең ойластырылған және сарабдал саясатының, стратегиялық көрегендігінің арқасында мүмкін болып отыр. Ол өзін нағыз көшбасшы ретінде танытып, еліміздің халқын топтастыра алды, оның патриоттық рухын біріктіріп, олардың алдына жаңа басымдықтар қойып, нақты істерге бастай білді. Мемлекет басшысының күш-жігерінің арқасында қарқынды экономикалық дамудың, өмір деңгейінің жоғарылуы мен азаматтардың әл-ауқатының артуының негіздері қаланды. Еліміз әлемдік қауымдастықта өз орнын ала білді.
Мемлекет басшысы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы ішкі саяси тұрақтылық және ауызбіршілік мәселелеріне үнемі назар аударып отрады. Осы мағынада бүгінгі таңда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде алдыңғы қатарда орын алып отырған прокуратураның қоғамдық және саяси маңыздылығы бірнеше есе арта түсті. Бірінші кезекте ол қоғамның барлық салаларында Конституция мен заңдардың үстемдік орнатуындағы Президенттің пәрменді құралына айналды.
«Енді бүгінде біздер Нұрсұлтан Назарбаев - қарқынды әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудағы мемлекет моделін құрған қазіргі заманның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері деп мақтанышпен айта аламыз. Тұңғыш Президенттің басшылығымен қол жеткізілген еліміздің жетістіктері үлкен құрмет пен сенім тудырады, егемен Қазақстанның одан әрі қалыптасуындағы және қоғамды ұйыстырудағы басты тірегі ретінде қызмет етеді», деп атап көрсетті А.Дауылбаев.
Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті туралы деректі фильмді көрумен аяқталды.