Прокуратура қызметкерлері республика суларынан жәндіктерді заңсыз аулау әрекеттерінің 273 оқиғасын анықтады

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Бас прокуратура үшінші тоқсанда еліміздің суларындағы жәндіктерді аулау мен оларды республика аумағынан тыс тасымалдау шараларының заңдылығын тексеру барысында 273 заң бұзу әрекеттерін анықтады.
None
None

Осыған орай прокуратура тарапынан 22 ұсыныс енгізіліп, тексеру қорытындылары бойынша 21 әкімшілік құқық бұзушылық және 2 қылмыстық іс қозғалды. Ал 23 іс процессуалдық шара қолдану үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Бұл мәліметтермен бүгін   журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, тексерулер барысында барлық аймақтардан су жәндіктерін шектен тыс және ешқандай рұқсат қағаздарынсыз аулау әрекеттері орын алған. Ақмола облысында 24,5 тонна гамарус заңсыз ауланып, мемлекетке 100 миллион тоннаға шығын келген. «Бұл факті бойынша Ақмола облыстық прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Ал Павлодар облысында Балық инспекциясының бастығы Ткачев балық аулауға жалған рұқсат беріп, соның салдарынан балық белгіленген шектен көп мөлшерде ауланған. Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда заң бұзушылар мемлекетке қажетті шара ретінде жеке пайдалары үшін 300 тонна су шаянын аулаған. Қазіргі таңда бұл іспен қаржы полициясы органдары айналысуда», деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар