Прокуратура қызметкерлерінің арасында тіл байқауы өтіп жатыр

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Тіл татулық тірегі» атты прокуратура органдары қызметкерлері арасындағы республикалық конкурс басталды.
None
None
Конкурстың негізгі мақсаты - прокуратура органдары арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау. Оған Бас прокуратураның, Бас әскери прокуратураның, Бас көлік прокуратурасының, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, Астана қаласы және облыстық прокуратуралардың қызметкерлері қатысуда. Мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде меңгерген олар 17 команда болып, жарыс жолына шықты. Конкурс барысында шешендік өнер, мақал-мәтелдерді білу, Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқу сияқты сындардан өту керек.
Соңғы жаңалықтар