Прокуратура Лионель Месси салық төлеуден жалтарды деген айыпты жоққа шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания прокуратурасы "Барселона" ойыншысы Лионель Месси салық төлеуден жалтарды деген айыпты жоққа шығарды. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады.
Алайда айыптаушы тарап ойыншының әкесі Хорхе Орасио Мессиді салық төлеуден жалтару ісі бойынша 18 айға бостандығынан айыруды сұрады.
Прокуратура футболшының үстінен 2013 жылы шағымданған. 28 жастағы шабуылшы мен оның әкесі шамамен €4,1 млн. салық төлеуден жалтарды деп айыпталды. Прокурор ақпаратынша, ойыншы 2007, 2008 және 2009 жылғы табысының салығын төлемеген.
Алайда ол бұл қаражатты пайдалану шешіміне қатыспағандықтан, кінәсіз деп танылды.
Осыған дейін хабарланғандай, атақты форвард оған қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтату үшін €10 млн төледі және испандық қазынаға тағы €15 млн төлеуге дайын болған. Алайда жергілікті билік мұны құптамады. Фото: © EPA/ALEJANDRO GARCIA