Прокуратура мемлекеттік қызметте жалған дипломмен, әрі бұрын істі болған азаматтың жұмыс істеп келгенін анықтады

АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат - Прокуратура органдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік испекторы қызметінде жалған дипломмен жұмыс істеп келген лауазымды тұлғаны әшкереледі,

Прокуратура мемлекеттік қызметте жалған дипломмен, әрі бұрын істі болған азаматтың жұмыс істеп келгенін анықтады

деп хабарлайды ҚазАқпарат  Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Атап айтқанда, Ақтау қаласы бойынша табиғатты қорғау прокуратурасы үстіміздегі жылғы қазан айында  Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық инспекциясында «Жемқорлықпен күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңдарының қолданылуына тексеріс жүргізіп, оның барысында «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның талаптарына қайшы өсімдік қарантині бойынша мемлекеттік инспектор қызметінде бұрын істі болған тұлғаның жұмыс істеп отырғанын анықтады.

 М.Қанатов бұл қызметке Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітіргендігі жөніндегі дипломға сәйкес 2006 жылы қабылданған. Алайда, Ақтау қаласы бойынша табиғатты қорғау прокуратурасы 2008 жылы жүргізген тексеріс кезінде Қанатовтың дипломы жалған екендігін анықтады. Нәтижесінде аталмыш инспекторға қатысты Ақтау қаласының Ішкі істер басқармасы қылмыстық іс қозғады. Ақтау қалалық сотының 2009 жылғы қаңтардың 1-дегі үкіміне сәйкес М. Қанатов ҚР Қылмыстық кодексінің 325 бабы 3 тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 65 мың теңге көлеміндегі айыппұл түрінде жаза тағайындалған болатын.

 Дегенмен, айыптау үкімі заңды күшіне енгенімен лауазымды тұлға алып отырған қызметінен босатылмаған және оған осы уақытқа дейін жалақы төленіп келген.

 Прокуратура органдары заңнаманы бұзудың аталмыш фактісін жою бойынша облыстық инспекцияға түсірген ұсынымнан кейін, М.Қанатов үстіміздегі жылғы қазанның 27-де қызметінен босатылды.