Прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін салалық курстар ұйымдастырылуда

«Соттардың алқа билерінің қатысуымен қылмыстық істерді қарауда прокурорлар қызметін жетілдіру» атты тақырыпта біліктілікті арттыру үшін сотта мемлекет мүддесіне өкілдік жасайтын облыстық және оған теңестірілген прокуратураның сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасы бастықтарына арнап біліктілікті арттыру салалық курсын өткізеді. Бұл туралы ҚР БП-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.
Прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының негізгі мақсаты - алқабилердің қатысуымен өткен сотта мемлекет мүддесіне өкілдік жасаудың өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.
Курстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Сот актілерінің заңдылығына және сотта мемлекет мүддесіне өкілеттік ету департаментінің бастығы Б.Шермұхамбетов, Бас прокуратура Институтының директоры С.Тұрсынбекова қатысады.
Семинар тыңдаушыларына ҚР Жоғарғы Сотының судьялары, Астана қалалық сотының және отставкадағы судьялар, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, Қаржы полициясы қызметкерлері, Дін істері бойынша агенттігінің өкілдері мен еліміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының ұстаздары мен сарапшылары дәріс оқиды.
Арнайы салалық курс бағдарламасы алқабилердің қатысуымен өткен қылмыстық істің сотында мемлекет мүддесіне өкілдік жасаудың, алқабилердің қатысуымен соттардың тәжірибесі, азаматтық-құқықтық салада прокурорлық есепті құру мәселелері, көпшілік алдында сөйлеу жәнен шешендік өнері мәселелерін, құқықтық іс жүргізудің негізі, терроризмге және экстремизмге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелерін нақтылайды.
Аталған семинар аясында прокурорлардың іскерлігі мен жұмыс тиімділігін артыру, жүйелі ойлау қабілетін дамыту және берілген тапсырманы тиімді орындауды дамытатын тренингтер өткізіледі.
Семинар нәтижесі бойынша тыңдаушыларға арнайы нұсқадағы сертификаттар беріледі.