Прокуратура органдары жыл басынан бері еңбеккерлердің құқықтарын қорғаумен байланысты 17 қылмыстық іс қозғаған
ТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Прокуратура органдары еңбеккерлердің құқықтарын қорғау бағытында биылғы жылдың 9 айында жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде 1,5 мыңнан астам ұсыныс пен ұйғарым енгізген.
Бұл мәліметтермен бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков таныстырды.
Оның айтуынша, прокурорлар 146 мың еңбеккердің 8,1 миллиард теңгені құрайтын жалақыларының төленуіне ықпал еткен. Сондай-ақ азаматтардың еңбек құқықтарын бұзу жағдайлары да прокурорлардың басты назарында. «Алматы қаласының Алатау аудандық прокуратурасы қызметкерлері қозғаған қылмыстық іс негізінде (Vtorma Ecology Co) Вторма Эколоджи Ко жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Р.Парманбеков еңбеккерлерге бірнеше рет жалақы төлемегендігі үшін 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төледі. Жалпы жыл басынан бері еңбеккерлердің құқықтарын қорғаумен байланысты 17 қылмыстық іс қозғалып, 2 мыңнан астам адам әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылды», - деді ресми өкіл.