Прокуратура органдарын ата-анасының қарауынсыз қалған жасөспірімдердің жағдайы алаңдатады

Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің айтуынша, прокуратура қызметкерлері жақында тәртіппен түзеу колониясы мен арнайы мектептердегі және одан босатылған жасөспірімдердің құқықтарының сақталу жағдайына тексеру жүргізген. Осы жұмыстар барысында прокурорлар балалардың әлеуметтік және жеке мүлкіне қатысты құқықтарының бұзылу жағдайларын анықтады. «Мысалы, Ақтөбе облысында тәртіппен түзеу колониясының әкімшілігі бір жарым жылдан астам уақыт бойы М. Шаленов атты жасөспірімнің асыраушысын жоғалтуына байланысты оған тиесілі әлеуметтік жәрдемақыны алып беру үшін ешқандай шаралар қолданбаған. Мұндай әрекеттер еліміздің басқа да өңірлерінде анықталды.
Тек прокуратураның араласуынан кейін ғана балалардың ата-анасынан айырылғандығын анықтау шаралары мен олардың әлеуметтік көмектерді алу барысындағы құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіле бастады», деді ресми өкіл.