Прокуратура органдарына арыз-шағымдарды www.115.kz веб-порталына жіберуге болады

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Электронды хабарламаларды қабылдайтын веб-порталы прокуратура органдарында 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы порталдың көмегімен азаматтар өздерінің арыз-шағымдарын электронды түрде беру мүмкіндігіне ие.

Прокуратура органдарына арыз-шағымдарды www.115.kz веб-порталына жіберуге болады

Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасы Шұғыл іздестіру қызметі заңдылықты қадағалау басқармасынан мәлім етті.

Елорданың ресми сайтынан хабарлағандай, электронды өтініш беру үшін келесілер қажет:

- «Электронды хабарламалар қабылдау» порталына 115.kz мекенжайы бойынша тіркелу;

- тіркелу үдерісі кезінде көрсетілетін құпия сөз арқылы ЖСН көмегімен порталға кіру;

- «Құру» түймесі көмегімен өтініш жазып, ашылған карточкаға барлық керекті реквизиттерді толтыру;

- Электронды сандық қолтаңба көмегімен (ЭСҚ) (Халыққа қызмет көрсету орталықтарында беріледі) өтінішке қол қою. Бұл үшін ЭСҚ файлының мекенжайын (дискіде немесе флешкада) және құпия сөзді көрсету қажет. Содан кейін «Қол қою және жөнелту» түймесін басасыз;

- Бұдан әрі талонды басып шығаруға болады. Оның көмегімен тіркелуден жауап беруге дейінгі барлық процесті көру мүмкіндігі болады.

Сондай-ақ, аталған порталды 115 нөмірі арқылы (қалалық және ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін) техникалық қолдау жұмыс істейді. Азаматтар есірткіге және басқа да қылмыстарға байланысты осы қысқа нөмір арқылы немесе электронды түрде прокуратура органдарымен хабарласа алады.