Прокуратура органдарында басшылық қызметте істейтін әйелдер үлесі үштен бір есеге өсті

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Өткен жылы еліміздің прокуратура органдарында басшылық қызметте істейтін әйелдердің үлес салмағы үштен бір есеге өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық істер жөніндегі ұлттық комиссия отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов мәлім етті.
None
None

«Егер 2011 жылы бізде өз бетінше процессуалды шешімдер құқығы бар небәрі 6 әйел болса, ал өткен жылы олардың саны үштен бір есеге өсіп, 8 адамды құрады», - деді Ж.Асанов.

Сонымен қатар ҚР Бас прокуроры орынбасарының атап өтуінше, басқа мемлекеттік органдармен салыстырғанда қадағалау ведомствосында басшылық қызмет атқаратын әйелдердің үлесі басым емес.

«Құқық қорғау органдарында жұмыс істеудің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл жұмыс уақытының нормадан тыс болуы, басқа ауданға ауысу қиындықтары сияқты жайттар», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар