Прокуратура органдарында жаңа қызметкер қабылдауға мораторийдің күші жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның прокуратура органдарында жаңа қызметкерлер қабылдауға мораторий алынып тасталды. Осының арқасында 180 бос жұмыс орны ашылып отыр. Бұл туралы брифингте ҚР Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментінің бастығы Александр Огай мәлім етті.
None
None

«Бүгінгі күні бізде шамамен 180 бос жұмыс орны бар. Өткен екі ай бойы прокуратура органдарына жаңа қызметкерлерді қабылдауға мораторий жарияланып,  басшыларға кандидаттарды іріктеуде бағалаудың тиімді тетігін табу жүктелген еді. Ондағы мақсат прокуратура органдарына ең үздіктерді іріктеу болып табылады. Бұл тетік субъективті факторларды болдырмауы керек», - деді Александр Огай.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2016 жылғы 15 тамыздан бастап республикалық және облыстық БАҚ-та прокуратура органдарының бос лауазымдарына конкурстар туралы хабарландыру жариялауды бастайды. Қатысуға ниетті адамдар қазірден бастап облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокуратуралары, Бас көлік прокуратурасы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Құқық қорғау органдары академиясының кадр қызметтеріне жүгіне алады.

Конкурс туралы жарияланғанға дейін кандидаттарды алдын ала іріктеу және зерттеу жүргізіледі. Ол үшін құжаттарды тапсыру, заңнаманы білуге тестілеуден өту, қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарында міндетті арнайы тексеруден өтуі қажет. Бұл рәсімдерден өту үшін жоғарыда аталған прокуратура органдарының кадр қызметтері еш кедергісіз жолдама береді. Айта кетерлігі, бұған дейін  алдын ала іріктеуден өткен кандидаттар, заңнаманы білуге тестілеудің, арнайы тексерудің нәтижелерін және медкомиссияның қорытындысын пайдалану мерзімі өткен жағдайда, әрі қарай конкурсқа қатысу үшін қайтадан осы рәсімдерден өтулері тиіс. Бос лауазымдардың тізімдері 2016 жылғы 1 тамыздан бастап прокуратура органдары жүйесінің ақпараттық ресурстарында жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар