Прокуратура саяси-қуғын сүргіннен жапа шеккендердің құқын қорғады- Қызылорда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында прокурорлар саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдардың құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Прокуратура саяси-қуғын сүргіннен жапа шеккендердің құқын қорғады- Қызылорда

Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Сейіл Ботакөздің хабарлауынша, Жаңақорған аудандық прокуратурасы аудандағы 9 саяси қуғын-сүргін құрбаны мәртебесі бар тұрғынның жетеуіне соңғы 2 жыл бойы тиесілі көмек көрсетілмегендігін анықтаған.

Айта кетерлігі, Жаңақорған аудандық мәслихатының шешімімен (2013-2016 жылдар аралығында қабылданған) «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау» қағидалары бекітілген. Құжатқа сәйкес, 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға - 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Аудандық прокуратурасының қадағалау актісі негізінде 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, аталған азаматтарға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіліп, құқықтары қорғалды.