17:34, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Прокуратура тәртіп сақшыларының қару қолдануын заңды деп тапты
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жамбыл облысының Шу ауданында тәртіп сақшылары өздерінің тоқтау туралы талабына бағынбаған көлікке оқ атуларына тура келді, бір азамат оқиға орнында мерт болды.
Бұл жағдай бүгін Ішкі істер министрлігі таратқан ақпараттан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Министрлік мәліметтеріне қарағанда, оқиға ақпанның 17-сі күні болған. Жамбыл облысының «Дельта-аймақ» аймақаралық есірткімен күрес бөлімінің қызметкерлері «УАЗ-469» маркілі көлігін тоқтатпақ болып, «АКС-74» автоматынан бірнеше оқ атқан. Содан көліктегі азаматтардың бірі мерт болып, қолға түскен өзге үшеуден 3 қап марихуана мен 54 грамм гашиш табылған. Прокуратура тәртіп сақшыларының қару қолдану әрекетін заңды деп тапты.