Прокуратура жол полициясы инспекторларының әкімшілік заңдылығын бұзу фактілерін анықтады
ОРАЛ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласының прокуратурасы БҚО ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасы қызметін тексерген кезде көптеген заңбұзушылықты анықтады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жол полициясы инспекторлары әкімшілік заңдылығын жиі бұзып отырған. Мәселен, инспектор М.Қайсенов азамат Ж.Есенғалиевке айыппұл салған кезде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің талаптарын дұрыс қолданбаған. Сол секілді инспектор Ж.Өтебаев «Жарас» шаруа қожалығына тиесілі «КамАЗ» автокөлігін арнайы тұраққа заңсыз қойған.
Қала прокуратурасының тексеруіне байланысты жол полициясы басқармасына ұйғарым беріліп, соған сәйкес 24 жол полициясы инспекторы түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.