Прокуратураның тексеруі барысында жалғыз ғана «Бұқтырма» су қоймасынан арнайы органда тіркелмеген 13 кеме анықталды
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Прокуратура қызметкерлері арнайы жүргізген тексерулердің барысында түрлі заңбұзушылықтарға жол бере отырып, пайдаланылған 200 су көлігін анықтады.
Жалғыз ғана «Бұқтырма» су қоймасының өзінен арнайы органда тіркелмеген 13 кішігірім кемелер табылған. Олардың жағдайы тексеру кезінде қауіпсіздік шараларына сай емес болып шықты. Сондай-ақ судағы көлік қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтымасыз ету мақсатында прокурорлар 39 кеменің қозғалысына тыйым салған. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, тексеру барысында көлікті тіркеу мен пайдалануға, оларды арнайы белгілер ілу, азаматтарға су көліктерін жүргізуге қажетті рұқсат беруге қатысты көптеген кемшіліктер анықталған. «Сонымен қатар, тексерулер барысында суда кемелердің жүзуіне кедергі келтіретін нысандар салу жағдайы да анықталды.
Тек 2008-2009 жылдары теңіз бен елдің іштегі суларында арнайы талаптарға сай еместігіне қарамастан 17 нысан салынған немесе қайта жөндеуден өткен. Еліміздің құзырлы орган өкілдері осы уақытқа дейін Мемлекеттің туы ілінген кемені жүргізуге рұқсат беру тәртібін дайындамаған. Осыған байланысты прокуратура қызметкерлерінің ұсыныстары негізінде Көлік және коммуникация министрлігі аталған кемшіліктердің орнын толтыру мен оған кінәлі азаматтарды жауапқа тарту бойынша тиісті шаралар қолданды», деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, министрлік судғы көлік қозғалысының қауіпсіздігін нығайту мақсатында Көлікті бақылау комитетін ұйымдастырушылық және құрылымдық жағынан нығайтты. Сондай-ақ Мемлекеттік ту ілінген көлікті жүргізуді реттеумен байланысты құжат талаптарын жетілдірді. Осы жұмыстар негізінде қазір теңіз және өзен айлақтарының қызметі мен мәртебесін нақылау жұмыстары жоспарланып отыр», деді Н.Сүйіндіков.