Прокурорлар 150 мыңнан астам жұмысшының 7 миллиард теңгеден астам еңбекақыларын өндіріп берді - апталық брифинг

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бас прокуратура өкілдері жарты жыл ішінде тиісті ықпал ету шараларының нәтижесінде 150 мыңнан астам жұмысшының 7 миллиардтан астам теңге еңбек ақыларын өндіріп берді.

Прокурорлар 150 мыңнан астам жұмысшының 7 миллиард теңгеден астам еңбекақыларын өндіріп берді - апталық брифинг


Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ол келтірген мәліметтер бойынша, Астана қалалық прокуратурасы өкілдерінің араласуымен «Құлагер» құрылыс компаниясы еңбек ақы бойынша 10 миллион теңге қарызын өтесе, Қызылорда облыстық прокурорларының талабы негізінде «Сәт» серіктестігі де осы шамадағы 179 қызметшінің еңбек ақысын берген. «Ал Алматыдағы «Автоматика» серіктестігі прокурорлық ықпал ету актісі негізінде 42 миллион теңгені құрайтын еңбек ақы бойынша берешегін өтеді», деді ресми өкіл.