Прокурорлар 180 мың адамның 8 миллиард теңге жалақыларын алуына ықпал етті

АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жыл басынан бері прокуратура органдары 180 мың адамның жалпы сомасы 8 миллиард теңгені құрайтын жалақыларының берілуіне ұйтқы болды.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, арнайы жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижелері бойынша прокуратура жалақы мәселесіне байланысты жағдайды реттеуге айтарлықтай  игі ықпал етіп отыр. «Алайда, жалақыны уақытынан кешіктеру әрекеттері әлі де болса орын алуда», деді ресми өкіл.

Оның  мәліметтері бойынша, жалақы мәселесі қазір жергілікті прокурорлардың да басты назарында. Олардың ықпалымен Ақмола облысының «Жаңа жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  300 адамға 35 миллион теңге қарызын қайтарып берсе, Қостанай облысының «Қостанайқұрылыссервис» ЖШС 16 миллион теңге қарызын қайтаруға мәжбүр болды. Сондай-ақ Алматыдағы «Алматы қанты» акционерлік қоғамы прокурорлардың күшімен 680 жұмысшының  20,8 миллион теңгесін қайтарды», деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар