Прокурорлар аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау актісін өздері әзірлейді

«Биыл үш буынды модельдің екінші кезеңі басталды. Енді прокурорлар аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау актісін өздері әзірлеуде. Прокурорлар 191 аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау актілерін жасап, сотқа жолдады. Енді тергеу аяқталған соң, прокурорлар тағы да істің барлық материалдарына толық талдау жасайды. Талдау нәтижесі бойынша айыптау актісін әзірлеп, істі сотқа жібереді не болмаса қайта қарауға тергеушіге кері жолдайды немесе істі мүлдем тоқтатады», - деді Ә. Шындалиев.
Оның пайымынша, бұл тәсіл прокурорлардың айғақтарға тәуелсіз баға беру механизмін күшейтті.
«Адамды айыпталушы деп сотқа жолдағаны үшін жеке жауапкершілік күшейді. Демек, бұл механизм тергеу қателіктеріне және негізсіз айыптауға жол бермеудің тағы да бір фильтріне айналды. 2023 жылдан бастап барлық сыбайлас жемқорлық туралы істер, 2024 жылдан – қалған қылмыстық істер осы тәртіпке көшетін болады», - деді Бас прокурордың орынбасары.
Айта кетейік, Президенттің тапсырмасымен 2020 жылдан бері қылмыстық процеске кезең-кезеңмен үш буынды модель енгізу басталды.
Осы орайда жаңа модельдің бірінші кезеңі енгізілді.