Прокурорлар бір аптада 7 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғап, олардың 411 миллион теңгені құрайтын жалақыларын өндіріп берді

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ақпанның 17-сі мен 24-і аралығында прокурорлар 7 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғап, олардың 411 миллион теңгені құрайтын жалақыларын өндіріп берді.
None
None
Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов журналистермен болған апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ресми өкілдің мәліметтеріне қарағанда, жұмысшылардың 4 мыңнан астамының жалақысы, яғни 304 миллион теңге прокурорлық ұйғарым актісі бойынша қайтарылған. «Бір апта ішінде прокурорлар тарапынан 1 мың 520 жұмысшының 168,4 миллион теңгесін қайтару жөнінде 8 ұйғарым енгізіліп, қазір бұл бағыттағы жұмыстар аяқталуға таяу», деді С.Нұрпейісов.
Соңғы жаңалықтар