Прокурорлар салауатты өмір салты үшін

ТАЛДЫҚОРҒАН. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ – Алматы облысының прокуратурасы бұқаралық спортты және дене тәрбиесін дамыту, сондай-ақ белсенді және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан және үстел теннисі бойынша жарыстар ұйымдастырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Алматы облысының прокуроры Ерлік Кененбаев бүгінгі мерекенің «Құқықтық тәртіпті бұзудың алдын алу ? еліміздегі заңдылықтың сақталу кепілі» деп аталатын 2009 жылға арналған прокуратура органдарының ұранын іске асыру мақсатында жүргізіліп отырғанын атады. «Спорттық дәстүрлері бар ұжымдарда ахуалдың барынша жайлы болатынын өмір дәлелдеп отыр. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығына, салауатты өмір салтына айрықша көңіл бөлінген. Спорт пен салауатты өмір салты ? дене тәрбиесі мен сауықтырудың ең белсенді, қызықты түрі ғана емес, ерлік, табандылық, ерік-жігер мектебі, қазіргі адамның, отбасының жалпы мәдениетіндегі белгілердің бірі», ? деді ол.Турнирге облыстық аппарат, қалалар мен аудандар прокуратуралары қызметкерлерінің арасынан 12 команда қатысты. Жарыс қорытындысында облыстық прокуратура аппаратының командасы волейболдан бірінші орынды иеленді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум