Прокурорлар жалған кәсіпкерлікке тосқауыл қойып, 6,9 млрд. теңгені бюджетке қайтарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Прокуратура органдары өзге де құқық қорғау және фискалдық органдармен бірлесіп жалған кәсіпкерлікке тосқауыл қою бойынша жұмыстар жүргізіп келеді, деп хабарлады prokuror.gov.kz.
None
None

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың өткен кезеңінде прокурорлардың арыздары бойынша жалған кәсіпкерлік белгілері бар 197 заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды, 115 арыз соттардың қарауында жатыр. Мемлекеттік тіркеуінің күші жойылған заңды тұлғалардың контрагенттеріне қадағалау актілері бойынша мемлекеттік кіріс органдары 31 млрд. теңге кірісті қайта есептеді, бүгінгі таңда олардың 6,9 млрд. теңгесі бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар, Бас прокуратураның арнайы прокурорларының өндірісіндегі жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық істің шеңберінде 4,2 млрд.-тан астам теңге көлеміндегі салықтың мемлекет кірісіне өндірілуі қамтамасыз етілді. Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Соңғы жаңалықтар