15:35, 26 Наурыз 2024 | GMT +5
Жетісу облысында кәсіпкерлерге тиесілі 50 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды
АСТАНА. KAZINFORM - Прокурорлар 160-тан астам кәсіпкердің құқығын қорғап, оларға орындалған шарттар бойынша тиісті ақшалай қаражатын қайтарып берді. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы мәлімдеді.
«Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес, енгізілген кепілдік сомалар кәсіпкерлерге өз міндеттемелерін орындағаннан кейін бірден қайтарылуы тиіс болатын. Алайда облыстың медициналық мекемелері міндеттемелердің уақтылы орындалуына қарамастан, бір жылдан астам уақыт ішінде 50 млн теңге көлемінде тиесілі ақшаны қайтармаған», — делінген хабарламада.
Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге қаражат қайтарылды, ал заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды 30 азамат жауапқа тартылды.